Астанада болжам бойынша 2021-2023 жылдары менингококк инфекциясы кең таралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
фото medaboutme.ru
Астанада болжам бойынша 2021-2023 жылдары менингококк инфекциясы кең таралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Елорданың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті атап өткендей, қазір Астанада менингококк жұқпасы бойынша эпидемиологиялық ахуал біршама жақсарды. Жыл басынан бері Астанада менингококк инфекциясын жұқтырған үш ересек адам тіркелген. Аурудың таралу деңгейі 2017 жылғы көрсеткішпен тең. Дерт салдарынан көз жұмғандар жоқ.
Департамент мәліметі бойынша, менингококк жұқпасын қоздырушы табиғаттағы белсенділік артып немесе төмендеген кезде пайда болады. Сол себепті дерт алты-тоғыз жылда бір рет белең алып тұрады.
"Көпжылдық зерттеу бойынша соңғы 30 жылда Астана халқы арасында аурудың белең алуы 1985 жылы, жеті жылдан кейін 1992 жылы, кейін тағы алты жылдан соң 1998 жылы, 2008 және 2015 жылдары тіркелген. Осыны ескере отырып, дерттің тағы да таралу кезеңі 2021-2023 жылдары болуы мүмкін деп болжаймыз", - деп мәлімет берді ведомство.
Бұдан бұрын Алматыда менингит ауруының таралғаны туралы мәлімет шыққан болатын. Салдарынан қала ауруханаларында үш науқас көз жұмыпты.