Ол жыл соңына дейін үйқамақта болады.
ERNUR.KZ. Үйқамақтағы ҚР Еңбек министрінің інісі Тимуржан Нұрымбетовтің қамауға алу мерзімі жыл соңына дейін ұзартылды, деп жазады zakon.kz.
Тимуржан Нұрымбетовтің ісі шілде айының соңында сотқа жіберілді. Оған "Бір топ адаммен бірнеше рет пара алу" және "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе басқа мүлікті заңдастырып, жылыстату" деген екі бап бойынша айып тағылды.
Мамыр айында оның үйқамаққа алынғаны белгілі болды. Шілде айында қамауға алу емрізімі биылғы жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылды.
"Нұрымбетов Тимуржан Бидайбекұлына, Романова Нұрзипа Молшылыққызына, Өтеулина Аида Асқарқызына қатысты таңдалған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы сол күйінде қалады және ол 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін ұзартылады", - делінген сот құжатында.
Бұл іске министрдің ағасынан басқа тағы бес адамның қатысы бар. Олар - Нұрзипа Романова, Ғалымжан Сарымсақов, Аида Өтеулина, Нұрлан Ақпаев, Қанат Мұстафа. Бұрын хабарланғандай, өткен жылдың желтоқсан айында Еңбек министрінің інісі Тимуржан Нұрымбетовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тимуржан Нұрымбетовтің 15 жылға жуық Жамбыл облысы әкімдігінде түрлі қызметтерде жұмыс істегені белгілі.