Астанада автобус пен электромобиль соқтығысып, төрт адам зардап шекті

0
136

Жол апаты 29 қыркүйек кешке Мәңгілік ел даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында болған.


Астанада автобус пен электромобиль соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Астана полиция департаменті

ERNUR.KZ. Астанада Zeekr электромобилі мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан кейін төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады ulysmedia.kz.

Жол апаты 29 қыркүйек кешке Мәңгілік ел даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында болған.

Полицияның мәліметінше, Zeekr көлігі Қабанбай батыр даңғылы жағынан Мәңгілік ел даңғылымен келе жатқан. Қиылыста жүргізуші бағдаршамның рұқсат беретін сигналына солға бұрыла бастаған. Алайда қарсы бағытта келе жатқан автобусқа жол бермеген. Соның салдарынан көліктер соқтығысқан.

Төрт адам зардап шекті

Астана полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан Zeekr көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ автобустың екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілген.

Осылайша, медициналық көмек төрт адамға қажет болған.

Zeekr коммуналдық тұраққа қойылды. Полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтап жатыр.