Министрлік көлік жууға кететін ауыз судың көлемін есептеп шығарды

0
535

Тоқаев ауыз сумен бау-бақшаны суаруға және көлік жууға жол бермеу қажеттігін айтқан.


Министрлік көлік жууға кететін ауыз судың көлемін есептеп шығарды

ERNUR.KZ. Су ресурстары және ирригация министрлігі көлік жууға кететін ауыз судың көлемін есептеп шығарды, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстанда бір көлікті жууға 200-250 литр су, ал бір жүк көлігіне 500-700 литрге дейін су жұмсалады. Сонда жылына шамамен 100 миллион текше метр ауыз су кетеді.
"Шағын және орта бизнес нысандары іс жүзінде ауыз суды пайдаланатын болғандықтан суды қайта пайдалану технологияларын енгізудің шұғыл қажеттілігі бар. Ал жергілікті тазалау құрылыстарын автокөлік жуу сияқты орындарында кеңінен енгізілсе, орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінен ауыз суды тұрақты тұтынбай, оны қайта пайдалануға мүмкіндік болады",- деді министр Нұржан Нұржігітов.
Қазіргі кезде министрлік жаңа Су кодексін әзірледі. Оған сәйкес, кәсіпкерлер суды қайта пайдалану жүйеге көшу жоспарын ұсынып, біртіндеп осы технологияларды енгізуге міндеттеледі.
Айта кетері, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыз сумен бау-бақшаны суаруға және көлік жууға жол бермеу қажеттігін айтқан.