Министрлік Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеу тәртібін түсіндірді

0
129

Екі елдің арасындағы арнайы келісімге биыл қол қойылуы мүмкін.


Министрлік Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеу тәртібін түсіндірді

фото: StelaDi

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеу тәртібін түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі кезде екі елдің арасында арнайы келісімді рәсімдеу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл құжатқа биыл қол қойылуы мүмкін.
"Бұл мәселе осы жылдың аяғына дейін шешіледі деп үміттенеміз. Біз Корея тарапымен күнделікті жұмыс істеп жатырмыз", - деді Бақаев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, Корея өкілдері Алматы қаласында емтихан алады.
"Келісім Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бірақ барардың алдында Корея тарапы арнайы тест өткізеді. Заң жағынан, тәртіп жағынан ақпарат береді. Сосын жұмыскерлер таңдалып, Кореяға жіберіледі", - деп атап өтті Бақаев.