Министрлік жұрттың ызасына тиген қазақстандық сериалды тексереді – видео

0
832

Әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық сериалдың эпизодына қатысты сан түрлі пікір айтып отыр. Ішкі істер министрлігінің өкілдері оны жіті тексеретін болады.


Министрлік жұрттың ызасына тиген қазақстандық сериалды тексереді – видео

ERNUR.KZ. Қазақстанның ішкі істер министрлігі "Сериал емес" сериалының материалдарын тексереді. Оның эпизодтарында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілері бар екені айтылды, деп жазады sputniknews.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес жөніндегі жаңа заң жобасының нормасы талқыланды. Осы кезде тілші Hit TV телеарнасында көрсетілетін сериал туралы сұрақ қойды.

Сериалдың эпизодында күйеуі әйеліне қол көтереді. Бұған не себеп болды деген сұраққа жоғары оқу орнының оқытушысы өзі кінәлі екенін айтады. Бұл жағдай әлеуметтік желідегі қазақстандықтардың ызасына тиді.

"Кез келген жағдайда әйел ер адамнан бір саты төмен. Егер әйел дер кезінде үндемей қала алса, отбасы да бақытты болады", - дейді сериал кейіпкері.

Сюжет бойынша күйеуі соққыға жыққан әйелдің мұндай жауабына студенттер ду қол шапалақ соғады.

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Амантай Әубәкіров сериалдың бұл эпизоды тексерілетінін айтты.

Сондай-ақ, министрлік өкілі қолға алынған шараларға қарамастан, отбасындағы зорлық-зомбылық көрсеткіші артып келетінін жеткізді.

2017 жылы 446, 2018 жылы 919, ал осы жылдың тоғыз айында 759 факт тіркелген.