Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кісі өлтіру оқиғасы болды, деп жазады Tengrinews.kz.
«Мойынқұм аулындағы азық-түлік дүкенінің маңында екі жас жігіт жанжалдасқан. Салдарынан біреуі қайтыс болды. Ауыр қылмыс жасауға не итермелегенін қазір тергеу анықтап жатыр», - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Жедел-тергеу тобының мамандары оқиға орнына келгенде ер адамның денесі жатыр екен. Ол Қылышбай аулының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды», - деді ведомстводағылар.
Тергеу кезінде полиция қызметкерлері Мойынқұм аулының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады және одан 20-шы калибрлі қару тәркіленді.
Қазір жанжалдың себебі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.