Мұғалім есірткімен ұсталды

0
2 058

​Орал қаласындағы №3 жалпы орта мектептің 32 жастағы дене тәрбиесі пәні мұғалімі есірткімен ұсталды. Оның қолында 5,04 грам анаша болған, - деп хабарлайды Zakon.kz.


Мұғалім есірткімен ұсталды

Орал қаласындағы №3 жалпы орта мектептің 32 жастағы дене тәрбиесі пәні мұғалімі есірткімен ұсталды. Оның қолында 5,04 грам анаша болған, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы ІІД-нің есірткімен күрес бөлімінің басшысы Андрей Хавелин: «Балалардың денсаулығын нығайтып әрі сақтауға шақыратын мұғалімнің бұл әрекеті бүкіл Қазақстанға әсіресе білім саласына ұят келтірді. Ол 23 наурыз күні өз үйінде қолға түсті».

Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүруде.

Айта кету керек, Орал қалалық білім бөлімі осындай жағдайдың орын алғанын растағанымен, пікір айтудан бас тартқан.