Мұғалімдерді алдап жүргендер кім – Білім министрлігі мәлімдеме жасады

0
2 209

Білім және ғылым министрлігі дұрыс жауабы бар делінген тест тапсырмалары кітапшасын сату оқиғасы жиілеп кеткенін хабарлады


Мұғалімдерді алдап жүргендер кім – Білім министрлігі мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрлігі дұрыс жауабы бар делінген тест тапсырмалары кітапшасын сату оқиғасы жиілеп кеткенін хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.

Қараша айында педагогтардың ұлттық біліктілік сынағы өтеді. Бұл науқанды алаяқтар пайдаланып қалуға тырысуда, олар Білім және ғылым министрлігі тест тапсырмаларының ресми деректер базасына сілтеме жасай отырып, "дұрыс жауаптары бар тестерді" сата бастады.

Министрліктің Ұлттық тестілеу орталығы бұл тест кітаптарының мазмұны мен сату фактілеріне ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Ведомство бұл оқу құралдары ұлттық орталық жариялаған тегін сынақ тестілеу базасына, сондай-ақ Интернеттегі түрлі бейресми дереккөздерге негізделіп жасалғанын түсіндірді.

Педагогтарға тестілеу кезінде жаңартылған база қолданылатыны ескертілді.