Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Мұрат Нұртілеудің еңбек жолы:
ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметінің референті, атташе (1998 ж)
ҚР Малайзиядағы Елшілігінің атташесі (1999-2003 жж)
ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы (2003-2004 жж)
ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2004-2006 жж)
ҚР Сыртқы істер министрі хатшылығының басшысы (2007 ж)
ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары; Аппарат басшысы (2007-2011 жж)
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2011 ж)
ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің директоры (2011 ж)
ҚР Женевадағы (Швейцария Конфедерациясы) тұрақты өкілдігінде кеңесші-уәкілі (2011-2014 жж)
ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары (2014-2016 жж)
ҚР Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Эстониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2016-2019 жж)
ҚР Президентінің көмекшісі (2019-2021 жж)
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2021-2022 жж)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (2022 ж)
ҚР Әкімшілігінің Басшысы (2022-2023 ж)
ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі (2023 ж. 3 сәуір)
ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі (2024 жылғы 6 ақпан)