Назарбаев кеңсесінің 2023 жылғы бюджеті 130 млн теңгеге қысқарады

0
1 114

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесінің бюджетін біртіндеп қысқартатындарын айтқан болатын.


Назарбаев кеңсесінің 2023 жылғы бюджеті 130 млн теңгеге қысқарады

ERNUR.KZ. Сенат отырысынан тыс дәлізде журналистер сауалына жауап берген Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Тұңғыш Президент кеңсесінің бюджеті 2023 жылы 130 млн-ға қысқаратынын жеткізді, деп жазады zakon.kz.

Дәурен Темірбеков Тұңғыш Президент кеңсесіне жұмсалатын ақшаның қаншасы қысқаратынын және қаншасы қалатынын айтты.

"Бюджетті нақтылау барысында біз ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесіне жұмсалатын ақшадан 130 млн теңгені қысқартамыз. Қалған ақша 1-1, 5 млрд теңге шамасында, содан 130 млн теңге алынып тасталады. Бұл тек осы жылы бөлінгені".Дәурен Темірбеков

Алдында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесінің бюджетін біртіндеп қысқартатындарын айтқан болатын.