Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ға өсті

0
132

Вице-премьер қабылданған шаралар нәтижесінде қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ға өскенін атап өтті.


Негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ға өсті

ERNUR.KZ. Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин экономикаға инвестиция тарту жөніндегі жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды UKIMET телеграм каналы.

Вице-премьер қабылданған шаралар нәтижесінде қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция 16,1%-ға өскенін атап өтті.

«Инвестицияның ең көп өсімі білім беру саласында 2,3 есе, қаржы қызметінде 90,1%, өңдеу өнеркәсібінде 38,7%, ауыл шаруашылығында 27%, денсаулық сақтауда 17,5%, көлікте 17% мөлшерінде байқалады», — деп нақтылады Серік Жұманғарин.