Неліктен Қазақстанда нан Өзбекстанға қарағанда қымбат

0
548

Өзбекстан Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып саналады.


Неліктен Қазақстанда нан Өзбекстанға қарағанда қымбат

ERNUR.KZ. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Сенат кулуарында "Ұн жеткізіп жатқанымызға қарамастан, нан неге Өзбекстанда Қазақстанға қарағанда арзанырақ?" деген сұраққа жауап беруге тырысып көрді, деп жазады zakon.kz.

Қайрат Төребаев бұл ретте кәсіпорын шығындарының рөліне тоқталды.

"Электр энергиясы, салықтар және басқа да шығындар бар, яғни, бұл тұста Өзбекстанның наубайханалары қанша шығынға, Қазақстанның наубайхалары қанша шығынға ұшырайтынын нақтылау керек. Екінші мәселе – бірдей нәрселерді салыстыру керек. Қазақстанның нанының сапасы Өзбекстандікіндей ме? Яғни, нақты статистика шығару үшін сапасына қарай салыстыру керек. Сондықтан бұл жерде сұрақ өте күрделі. Сіз бізге нақты статистиканы көрсетіңіз, нанның қай түрі, оның құны қанша, салыстырып, бірге жұмыс істейік".Қайрат Төребаев

Өзбекстан Қазақстанның негізгі сауда серіктесі болып саналады. Тек бірінші жартыжылдықта Өзбекстан біздің елден 258,5 мың тонна (78,85 миллион доллар) бидай немесе қара бидай ұнын сатып алған.