Аталған жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асырылмақ.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында литий өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту комбинатын салу көзделіп отыр, деп жазады ulysmedia.kz.
Өңірлік әкімдікке сілтеме жасаған LS агенттігінің мәліметінше, жоба Германиядан келген компанияның қатысуымен жүзеге асырылады. Жер учаскесін геологиялық барлау жұмыстарынан кейін анықтау жоспарланып отыр.
Аталған жоба 2023-2024 жылдары жүзеге асырылмақ. Нысан 2025-2027 жылдары пайдалануға беріледі деп күтілуде.
"Жоспарланған инвестиция көлемі $100 млн құрайды", - деп толықтырды әкімдіктегілер.
Болжам бойынша, кәсіпорында 170 адам жұмыс істей алады. Жобаның қуаттылығы геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, қорлар бекітілгеннен кейін белгілі болады.