Бұрынғы вице-министр Тоқтабаев 7 жылға сотталды.
ERNUR.KZ. Бұрынғы вице-министр Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекетке Қостанай облысындағы "Шевченковское" бірегей кен орны қайтарылды, деп жазады sputnik.kz.
Кен орнында никельдің 1,075 млн тоннасы және кобальттің 585,9 мың тоннасы бар. Пайдалы қазбалар қорларының жалпы құны 5,6 трлн теңгеден асып отыр.
Ал бұрынғы вице-министр Тоқтабаев 7 жылға сотталды. Оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасы да қайтарылды. Соттың шешімімен қымбат мүліктері тәркіленді.
Олар:
1. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көкшоқы ш/а мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі;
2. Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Алматы бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан тұрғын үй;
3. 2021 жылы шыққан "Mercedes-Benz Maybach S580 4MATIC" маркалы авто;
4. 2021 жылы шыққан "Bentley Bentayga V8"" маркалы авто;
5. 13 коммерциялық ұйымның қатысу үлесі.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


