Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында коронавирус індетінен екі науқас көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның біріншісі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 1950 жылы туған кісі болса, екіншісі 1962 жылы дүниеге келген Шымкент қаласының тұрғыны, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Осымен індеттен қайтыс болғандар саны 14 адамға жетті.