Нұр-Сұлтанда қасапшыларға арналған тренинг өтті

0
806

30-дан астам қасапшыға шариғат талаптарына сәйкес мал союдың жөн-жосығы түсіндірілді.


Нұр-Сұлтанда қасапшыларға арналған тренинг өтті

ERNUR.KZ. Құрбан айт мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қасапшылық – сауапты һәм жауапты іс» атты семинар-тренинг болып өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтан өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен семинар барысында бас шаһардағы құрбан шалатын орындарда қызмет атқаруға тиісті азаматтар қатысып, тәжірибе жинақтады.

30-дан астам қасапшыға шариғат талаптарына сәйкес мал союдың жөн-жосығы түсіндірілді. Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Айта кетейік, биылғы Құрбан айт мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша құрбан шалатын 7 орын бекітіліп отыр. Аталмыш орындар арнайы санитарлық тексеруден өткізіліп, айтулы мерекеге сақадай-сай әзірленген. Бұған қоса, бұл жерлерде діни рәсімдер атқаруға Елордадағы 30-дан астам діни қызметкер бекітілген.