​Нұр-Сұлтанда көлікке түскен ұрыларды қылмыс үстінде ұстады

0
1 078

Қылмыскерлердің елорда аумағында бұрын осы секілді қылмыстарға қатысты бар-жоғы тексеріліп жатыр.


​Нұр-Сұлтанда  көлікке түскен ұрыларды қылмыс үстінде ұстады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері ұрыларды қылмыс үстінде ұстады, - деп жазады Тengrinews.kz.

"12 сәуірде елордалық полицейлер автокөлік салонынан ұрлық жасаған күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады. Қаскүнемдер автокөліктерді дабылдатқыштарын сканерлеу арқылы ашқан. Ұсталғандар автокөліктерден бірнеше ұрлық жасағандарын мойындады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Олардың елорда аумағында бұрын осы секілді қылмыстарға қатысты бар-жоғы тексеріліп жатыр.

"Осы тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне (Бейбітшілік,19) немесе 8 (7172) 71-61-07; 71-60-28, "102" телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз", - дейді полиция өкілдері.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері автокөлік иелеріне қойылған автокөліктердің салонында бағалы заттарыңызды қалдырмауды ұсынады. Қылмыстық қолсұғушылықтың құрбанына айналмас үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау қажет: атап айтқанда кілттеріңізді, бағалы заттарыңызды (сөмке және барсетка, ноутбук, ұялы телефондар) көлік салонында қалдырмаңыздар.

Автокөліктен шыққан кезде бар болса дабылдатқышты және басқа да күзет құралдарын қосқан жөн. Автокөліктен шыққан кезде есігі және терезесі дұрыс жабылғанын тексеріп, түнгі уақытта автокөлікті тек қана күзетілетін тұрақтарда немесе гаражда қалдырыңыздар.