Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы 7 адам қайтыс болды

0
617

Қазақстан бойынша көз жұмғандардың саны 147-ге жетті.


Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы 7 адам қайтыс болды

Нұр-Султан қаласында коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1961, 1941, 1959, 1946 және 1951 жылдары туған ер азаматтар және 1971, 1958 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 147 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 45
Алматы қаласы – 26
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 13
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Түркістан облысы – 8