Әлеуметтік желіде тараған видеода жерде жатқан құрылысшыны көруге болады.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда "Англетер" тұрғын үй кешенінің аумағында құрылысшы биіктіктен құлап кетті. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады sputnik.kz.
Полиция құрылысшының құлағанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, ер адамның жасы – 36-да. Оны сағат 11:08-де сан алуан жарақатпен ауруханаға жеткізген. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Айта кетейік, "Англетер" тұрғын үй кешені Есілдің сол жағалауында Хусейн Бен Талал көшесінде салынып жатыр.