Құрылысшылар арасында жанжал шығып, арты жаппай төбелеске ұласқан.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында жұмысшылар төбелес шығарды, деп жазады Tengrinews.kz.
Елордалық полиция баспасөз қызметі мәліметінше, төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде анықталған.
"Оқиға 6 тамызда күндіз Қалдаяқова көшесіндегі құрылыс алаңында болғаны анықталды. Құрылысшылар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан", - деді Нұр-Сұлтан ПД өкілі.
Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілген. Оқиға болған сәтте 102 нөмірі бойынша шақырту түскен жоқ.
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.