Екі күндік карантин тек шетелден келгендерге және коронавирус бар аймақтардан, мысалы, Теңіз кен орнынан келетіндерге жүреді.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып келген жолаушылар карантинге жабылмайды, деп жазады zakon.kz.
Бұл туралы онлайн-брифингте қаланың бас дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Бұрын хабарланғандай, елордадан оңтүстік астанаға ұшу үшін адам ПТР тестілеуден өтіп, 7 күнтізбелік күнге жарамды анықтама қағаз алуы керек, осы уақыт аралығында ол Алматыдан Нұр-Сұлтанға және қарсы бағытқа ұшуға рұқсат алады.
Жолаушылар маска киюі міндетті. Ұшаққа отырып, одан түскен кезде арнайы құрылғыдан тексеруден өтеді, осылайша қалаға еркін кіре алады.
Екі күндік карантин тек шетелден келгендерге және коронавирус бар аймақтардан, мысалы, Теңіз кен орнынан келетіндерге жүреді.