2022 жылы 3 маусымда Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған еді.
ERNUR.KZ. Павлодар облыстық сотында өңірлік полиция департаментіндегі ұрлық және сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша Нұрлан Мәсімовке қатысты апелляциялық шағымды қарау басталды, деп жазады inform.kz.
«Аппеляциялық инстанция сотының қарауындағы іс 23 қараша сағат 10.00-ге кейінге қалдырылды. Сотталушылар онлайн түрде қатысады. Қалғандары сот отырысына келеді», - деп жауап берді Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі агенттік сауалына.
Еске сала кетсек, 2022 жылы 3 маусымда Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған еді.
Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы барын хабарлады.
2022 жылы 13 шілде де Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен шекарада ұстады.
Ал биыл 10 тамызда Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімов 10 жылға соттаған еді. Сотталушылар М. және С., ҚК 366, 368,189-баптары бойынша кінәсін мойындамады және ақтауды сұрады.