ӨДҚ автонесие алған тұрғынның суретіне қатысты пікір білдірді

0
725

Жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу үшін 14 секунд жеткілікті.


ӨДҚ автонесие алған тұрғынның суретіне қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Өнеркәсіпті дамыту қоры АҚ-ның IT-департамент басшысы Сәкен Сәбиев жеңілдетілген автонесиеге өтінімін алғашқылардың бірі болып тіркеп, әлеуметтік желідегі мемдердің кейіпкеріне айналған Мақсат есімді азамат туралы пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

"Мақсат есімді азаматтың лимит кезегіне сәтті тіркелгенін растаймыз. Бірақ сағат 7.00-де емес. Мен оның өтінімін өзі немесе бөгде біреу басқа бір тәсілмен редакциялады ма, ол жағын білмеймін. Ол өтінім сағат 10.00, 36 долисекундта берілді. Қалай болса да, сағат 7.00-де емес. Оны дәлелдейтін скриндер қолымызда бар", - деді ол.

Оның айтуынша, жеңілдетілген автонесиені рәсімдеу үшін 14 секунд жеткілікті.

"Мен видео нұсқау жаздым, оны кейін визуалды бөлігін жасау үшін SMM бөліміне жібердім. Менің видеом шамамен 14 секундқа созылды", - деп қосты Сәкен Сәбиев.