Ол ұлттық рекордты орнататынына кәміл сенімді
Астаналық 20 жастағы жігіттің көзін жұма отырып, жылдамдықта Рубик кубигін құраған видеосы Казнетті таңғалдырды. Ол ұлттық рекордты орнататынына кәміл сенімді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ. tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл видео 2018 жылдың мамыр айында түсірілген екен. Сол кезде ол әскери мектепте оқып жүрген.
"Ғаламтордан видео көру арқылы 2012 жылы алғаш рет Рубик кубигін құрап үйрендім. Ал жабық көзбен 2013 жылы жаттыға бастадым. Мен курсантпын, солдат емеспін. Әзірше, Астанада әскери білім алудамын. Достарымның сұрауы бойынша үзіліс кезінде Рубик кубигін жинаған едім. Достарымның біреуі видеоға түсіріп алған болуы керек, кейін ол ғаламторға тарап кетті", - деді жігіт.
Оның айтуынша, видеоға жағымсыз пікір қалдырғандар бар. Көпшілігі "қойылым, жалған" деп айып тақты. Бірақ астаналық жігіт трюкті кез келген уақытта қайталап беретінін мәлімдеді.
"Бұл жалған, оған сенбеймін" деп жазған адамдардың пікірін оқыдым. Әрине, қазір алаяқтар көп. Бірақ бәрі шынайы екендігін дәлелдей аламын. Мен Рубик кубигін жинамай тұрып түстердің қалай және қайда орналасқанын жаттап аламын. Ал кейін есте сақтағаным бойынша құрай бастаймын ", - деді Олжас.
Ол кез келген сегізінші сынып оқушысы кубикті жабық көзбен және жылдамдықпен жинай алады деген пікірмен келіспейді. Математикалық мүмкіндіктерді жақсартады деген тұжырымның да дұрыс еместігін айтады.
"Әрбір сегізінші, тіпті он бірінші сынып оқушысы Рубик кубигін құрай алмайтынына сенімдімін. Ашық көзбен жинайтын шығар, бірақ жабық көзбен емес. Негізі Рубик кубигін жинау үшін математикалық қабілеттерге ие болу керек деп айтады. Бұл дұрыс емес. Рубик кубигін жинағаннан мен математиканы жақсы біліп кетпедім. 2015 жылы Астанадағы бейресми жарыста 1-орынды иелендім. Өткен жылы Астанадағы ресми халықаралық жарыста 7-орынды қанжығама байладым. Ережеде жабық көзбен жинау керек болса, мен ұлттық рекордты орнатушы едім. Жақында Семей қаласында жарыстар өткізілді, бірақ бірқатар себеп бойынша қатыса алмадым. Менің ресми рекордым - 12 секунд, ал бейресми - 8", - деді Олжас.
Сондай-ақ, астаналық жігіт, Рубик кубигін жинаудан бөлек пианинода ойнап, спортпен шұғылданады екен.