Олимпиадаға қатысқан Қазақстан құрамасының бір формасы 355 мың теңгеге сатып алынған

0
512

Киімге қажетті материалдар Тайваньнан ұшақпен жеткізілген.


Олимпиадаға қатысқан Қазақстан құрамасының бір формасы 355 мың теңгеге сатып алынған

ERNUR.KZ. Кеше ғана Токиода өткен Олимпиада ойындары өтті. Осыған байланысты Қазақстан құрамасы арнайы форма тіктірген еді. Бір спортшыға берілген киімнің өзі 355 мың теңгеге шыққан, деп жазады aikyn.kz.

Мысалы, олимпиадалық күрте – 150 мың теңге, капюшон – 110 мың теңге, шалбар 60 және футболка 35 мың теңге. Бүкіл жиынтық 355 000 теңгеге шыққан.

Дизайнер Салтанат Баймұхамедованың сөзінше, уақыттың тығыздығына байланысты киімге қажетті материалды Тайваньнан ұшақпен жеткізілген. Сол үшін де форманың бағасы қымбатқа шыққан. Оның үстіне, әрбір киім әр спортшының өлшеміне сай арнайы тігілген.