Өңдеу өнеркәсібі бойынша Шымкент үздіктер қатарына ене алмады

0
2 389

Қазақстанда индустрияландыру бес жылдығының екінші кезеңіне 4,9 триллион теңге жұмсалып, 44 мыңнан астам жұмыс орны құрылған.


Өңдеу өнеркәсібі бойынша Шымкент үздіктер қатарына ене алмады

Фото: kazygurt.kz

Елімізде индустрияландыру бағдарламасының екінші 5 жылдығында республика бойынша 480 жоба жүзеге асқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр бүгінгі үкімет сағатында баяндады.

Индустрияландыру бес жылдығының екінші кезеңіне 4,9 триллион теңге жұмсалып, 44 мыңнан астам жұмыс орны құрылған. Жобалар тау-кен металлургия кешені, химия, формацевтика, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс индустриясы, энергетика және мұнай өңдеу, агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында іске асырылған.

«Есепті кезеңде бағдарламаның барлық индикаторлары бойынша оң нәтежеге қол жеткізілді. 2018 жылдың қортындысы бойынша өнеркәсіп өнімдері 4 пайызға өскен. Бұл өңдеу өнеркәсібінің 4 пайызға артуының есебінен іске асып отыр. Өсімнің негізгі драйверлері мшина жасау, химиялық өнеркәсіп, мұнай өңдеу және жеңіл өнеркәсіп, металлургия салалары болып табылады», - дейді министр.

Ал, республикамыздың өңірлері арасында өңдеу өнеркәсібінің өсімін қамтамасыз ету бойынша Маңғыстау, ШҚО, БҚО, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Кезіндегі Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі өндіріс орындарының дені қала облыстан бөлінген сәтте Шымкент шаһарының аумағында қалған болатын. Алайда соған қарамастан үшінші мегаполис бұл рейтингте 10 орыннан аса алмаған.