1 қаңтардан бастап онлайн кредит алу үшін биотметриялық верификациядан өту міндеті енгізіледі.
ERNUR.KZ. Онлайн кредиттер үшін жаңа талап күшіне енеді, деп жазады baq.kz.
1 қаңтардан бастап онлайн кредит алу үшін биотметриялық верификациядан өту міндеті енгізіледі. Ал қарыз алу туралы келісімшартқа электронды-цифрлық қолтаңба қою қажет. Онсыз онлайн кредит берілмейді.
Айта кетері, бұған дейін жеке тұлғаларға жұбайының келісімінсіз несие беруге тыйым салынған болатын. Бұдан бөлек, әрбір қазақстандық "электронды үкіметтің" веб-порталында және "eGov Mobile" мобильді қосымшасында өз атына кредит рәсімдеуге тыйым сала алады.