​Оңтүстік Корея қазақстандықтарды жұмысқа заңды түрде қабылдай бастайды

0
213

Оңтүстік Кореядағы табыс қазақстандықтар үшін бірнеше жылдан бері тартымды болып келеді.


​Оңтүстік Корея қазақстандықтарды жұмысқа заңды түрде қабылдай бастайды

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяға жұмысқа заңды түрде қашан бара алатынын айтты, деп жазады stan.kz.

Министрдің айтуынша, қазан айында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігімен келіссөздер жүргізген.

"Онда еңбек министрлігінің басшылығы өзгеріп, біздің ұсынысты келісу процесі сәл кешіктірілді. Ол Оңтүстік Корея өкілдерінің талқылап, келісуіне бағытталған", - деді Жақыпова мәжіліс аясында.
Министр атап өткендей, келісімнің қабылдануын осы жылдың соңына дейін күтуге болады.
Ол "Содан кейін қазақстандықтар сол жерге жұмысқа бара алады ма?” деген сауалға "міндетті түрде", - деп жауап берді.

Оңтүстік Кореядағы табыс қазақстандықтар үшін бірнеше жылдан бері тартымды болып келеді. 2023 жылдың ақпан айында СІМ бұл елде 7-8 мыңға жуық заңсыз жұмыс істейтін отандастарымыз қалғанын хабарлады.