Оралда ер адам 13-қабаттан құлап, көз жұмды

0
113

​Марқұмның 27 жаста болғаны анықталды.


Оралда ер адам 13-қабаттан құлап, көз жұмды

Фото: «Мой город»

ERNUR.KZ. Оралда көпқабатты тұрғын үйден ер адам құлап, көз жұмды. Оқиға Құрылысшы шағын ауданында орналасқан үйлердің бірінде болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Басылым мәліметінше, ер 13-қабаттан құлап кеткен. Марқұм 27 жаста болған. Ол алған жарақатының кесірінен оқиға орнында көз жұмған.

«Оқиға орнында тәртіп сақшылары жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр», – деп Полиция департаменті мәлім етті.