Оралда мангалға тамақ пісірем деп күйіп қалған екі адам ауруханаға түсті

0
1 314

1997 жылғы жылғы жігіт қолынан 0,5 пайыз, 2000 жылғы қыз денесінен 50 пайыз күйік жарақатын алған.


Оралда мангалға тамақ пісірем деп күйіп қалған екі адам ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Оралда екі адам күйік жарақатын алып, ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға 24 наурыз күні кешкі сағат 20.00-де болған.

Жеке үй аумағында мангалда тамақ дайындау кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмаған (отты тұтатуға бензин қолданылған).

Соның салдарынан 1997 жылғы жылғы жігіт қолынан 0,5 пайыз, 2000 жылғы қыз денесінен 50 пайыз күйік жарақатын алған. Екеуі де облыстық ауруханаға жатқызылды.