Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қайғылы оқиға туралы ақпаратты "Мой город" басылымына растады.
ERNUR.KZ. Оралда алты айлық сәби түйреуіш жұтып, қайтыс болды, деп жазады Zakon.kz.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қайғылы оқиға туралы ақпаратты "Мой город" басылымына растады.
Алайда ведомство жағдайдың толық мән-жайын айтпады.
Полиция департаменті бұл оқиға шынымен болғанын хабарлады.
"Алты айлық сәби тоғызыншы қарашада қайтыс болды, қазіргі уақытта сараптама жүргізілуде. Іс адам өлімі фактісі бойынша тіркелді. Трагедияның мән-жайы анықталуда", - деді ПБ.