Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Халық партиясының үміткерлер тізімін тіркеді

0
763

​Партиялық тізімінде 113 адам бар.


Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Халық партиясының үміткерлер тізімін тіркеді

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің тізімін тіркеді. ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов партиялық тізімге енген адамдар Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді екенін мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

«Партиялық тізімде әйелдер мен 29 жасқа толмаған жастардың саны тізімге енген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс. «Қазақстанның халық партиясының» партиялық тізімінде 113 адам бар. Тізімге енген әйел мен 29 жасқа толмаған азаматтар саны – 41. Бұл тізімге енгендердің жалпы санының 36,3 пайызын құрайды. Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енген барлық адамдар Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», – деді Асылбек