Орталық сайлау комиссиясы Мәулен Әшімбаевты Сенат депутаты ретінде тіркеді

0
748

Бүгін ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттілігін тоқтатқан болатын.


Орталық сайлау комиссиясы Мәулен Әшімбаевты Сенат депутаты ретінде тіркеді

Орталық сайлау комиссиясы Мәулен Әшімбаевты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ның сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 318 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев тіркелсін», делінген ресми құжатта.

ҚР Президенті Жарлығымен Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды.