ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жалғыз өзі орындықпен билеген жігіттің видеосы тарады. Жұп болып билемек болған жігіттің таңдаған қызы «қашып» кеткен бейнежазба кейіпкеріне әлеуметтік желі қолданушылары кері пікір айтып, наразылықтарын жеткізді.

Автор видеоны инстаграм желісіне салған. Оған көпшілік түрлі пікірлерін қалдырып, оның жұлқына билегенін сан-саққа жүгіртті.
«Мына өлең өзінің бишісін енді тапқан сияқты ғой», «Қазіргі адамдар жын ұрған сияқты», «Осындай есерсоқты кім тойға шақырған?», «Сонша ішкені несі?», «осыны да би деп билеп жүр-ау» деп жазады желі қолданушылары.
Арасында жігіттің биін қоштағандар да болды. «Өз көңілі өзінде ғой», «Осы адамдарға таң қалам, билесе биледі, билемесе, билемеді дейді. Қалай билесе де өзі біледі ғой?!», «Ішпеген ғой, әннің ырғағына қарай солай жұлқынып бір билейін деп жатыр ғой» дейді олар. «Ән мен биші бір-бірін тапты деген осы шығар» деп әзілдегендер де бар.
Видео әлеуметтік желіден алынды