ОСК: Қызылордалықтар ең көп дауыс берген

0
420

Сыр бойында халықтың 67,21 пайызы сайлауда дауыс берген.


ОСК: Қызылордалықтар ең көп дауыс берген

ERNUR.KZ. Сайлаушы ретінде тізімге енгізілген азаматтардың 54,19 пайызы саяси шараға қатысып дауыс берді, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

Оның сөзінше, таңдаушылардың белсенділігі жағынан Қызылорда облысы көш басында. Сыр бойында халықтың 67,21 пайызы сайлауда дауыс берген.

Ал, екінші орында Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда дауыс берушілердің 65,25 пайызы сайлау учаскелеріне келген.

Алғашқы үштікті 65,21 пайызбен Жамбыл облысы қорытындылап тұр. Ал, халықтың белсенділігі Алматы қаласында төмен екендігі байқалды.

Дауыс беруге мұнда сайлаушылардың 25,82 пайызы ғана келген. Астана мен Шымкентте де белсенділік төмен болды. Елордада 42,91 пайыз болса, Шымкентте 45,46 пайыз.