Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілді

0
628

ОСК Нұрлан Нығматулиннің өкілеттілігін тоқтатуға қатысты шешім шығарды.


Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізілді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісіне Нұрлан Нығматулиннің өкілетігін тоқтату туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ОСК сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін.