Оттегі баллонын үйде қолдануға болмайды – ДСМ

0
780

5 литрлік оттегі концентраторын үйде ұстауға рұқсат бар.


Оттегі баллонын үйде қолдануға болмайды – ДСМ

ERNUR.KZ. Коронавирустық пневмония салдарынан тыныс алуы ауырлаған науқастар жалғанатаын оттегі баоллондарын үйде қолдануға болмайды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят осындай ескерту айтты, деп жазады inbusiness.kz.


«Оттегі баллонын үйде қолануға болмайды. Бұл жарылысқа әкелуі мүмкін. Ауруханада оттегінің мөлшерін сырқаттың салмағына, жасына, өкпенің күйзелісіне қарап дәрігер анықтайды. Үйде оттегі баллонын ұстауға болмайды. Оттегі концентраторының 5 литрлік түрлері бар, сол аппаратты үй жағдайында қолдануға болады», – деді вице-министр.