Оқиға ЖБО-ның бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Фото: polisia.kz.
ERNUR.KZ. Достарымен бірге кафеде уақыт өткізген ер адам ғимараттың жанынан өтіп бара жатып, әйнектен өз бейнесін көріп, ұнатпай, оны әдейі сындырған. Содан кейін ол аулалар арқылы қашып кетуге тырысқан, деп жазады inbusiness.kz.
Полиция 31 жастағы ер адамды ұстады. Сот оған мемлекеттік мүлікті бүлдіргені үшін 185 мың теңге айыппұл салды. Сонымен қатар ол ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін 80 мың теңге төледі.