Байрақты бәсекеде 131- спортшымыз 14 спорт түрінен өнер көрсетеді.
ERNUR.KZ. Қытайда өтіп жатқан Пара Азия ойындарында Қазақстан қоржынына екі қола бір күміс түсіп үлгерді, деп жазады sputnik.kz.
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, қоржынға алғашқы медальді Жаңыл Балтабаева салды. Ол параканоэда 200 метрге бақ сынап, қола медальді еншіледі.
Сондай-ақ Бибарыс Спатай Пара Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды. Ол пара каноэдан 43.601 секунд нәтижесімен екінші орынды иеленді.
Cонымен қатар Максим Богатырев пара каноэден қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 58.479 секунд.
Айта кетейік, қазанның 22-28 аралығында өтетін спорттық додаға 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. Байрақты бәсекеде 131- спортшымыз 14 спорт түрінен өнер көрсетіп, 485 медаль жиынтығын сарапқа салады.