Павлодар облысында уланған алтыншы адам қайтыс болды

0
724

Жетінші уланған адам Павлодардың 3-ші қалалық ауруханасында өте ауыр жағдайда жатыр.


Павлодар облысында уланған алтыншы адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы уланған ауыл тұрғындарының тағы бірі Ертіс ауылының аудандық ауруханасында көз жұмғанын мәлімдеді. Ол белгісіз заттан улану арқылы қайтыс болған алтыншы адам, деп жазады Stan.kz.

Жетінші уланған адам Павлодардың 3-ші қалалық ауруханасында өте ауыр жағдайда жатыр. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, динамика теріс көрсетіп тұр.

Айта кетсек, сенбі күні Павлодар облысының Ертіс аудан орталығында белгісіз сұйықтықты тұтынғаннан кейін бес адам көз жұмды.

Үшеуі үйде қайтыс болды. Төртеуі Ертіс аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінген, ол жерде тағы бірі қайтыс болды. Екеуі өте ауыр жағдайда өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бір зардап шегуші Павлодар қаласының № 3 қалалық ауруханасына орташа деңгейде жеткізілді. Кейіннен тағы бір адамның ауруханда қайтыс болғаны анықталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, көз жұмған адамдардың денелерінде сыртқы зорлық-зомбылық белгілері жоқ.

27 мамыр күні сағат 22.17-де Ертіс ауылында үй иесі - 1955 жылғы ер адам мен 1990 жылы туған ұлының денелері табылды. Сондай-ақ 28 мамыр күні сағат 07.15-те аудандық ауруханада 1975 жылғы және сағат 18.00 шамасында 1969 жылғы ауыл тұрғындарының денелері анықталды. Сағат 07.24-те үйден 1957 жылғы зейнеткердің денесі табылды.

Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Полиция оқиғаның мәнжайын анықтау барысында қаза тапқандардың барлығы Ертіс ауылының тұрғынында бір сыйымдылықта сақталған шығу тегі белгісіз сұйықтықты тұтынғанын анықтады. Ыдыстар алынып, сұйықтықтың қалдықтары бойынша сараптама тағайындалды. Зерттеу нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталады.