Павлодар облысының кейбір мектептері мерзімі өтіп кеткен азық-түлік қолдануда

0
1 588

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевтың төрағалық етуімен өткен науқастардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі денсаулық қорғау және қоғамдық кеңес бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында белгілі болды.


Павлодар облысының кейбір мектептері мерзімі өтіп кеткен азық-түлік қолдануда

фото: pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының бірқатар білім беру нысандарында азық-түліктен улануға әкеліп соқтыруы мүмкін қателіктер орын алуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаевтың төрағалық етуімен өткен науқастардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі денсаулық қорғау және қоғамдық кеңес бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында белгілі болды.

- Мәселен, Качир ауданы Тегістік және Покровская жалпы орта білім беру мектептері мерзімі өтіп кеткен азық-түлікті қабылдауды жалғастыруда, - дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Зәмзагүл Досжанова.

– Ақсу қаласы, Качир және Шарбақты аудандарының мектептері сапасына кепілдік берілмейтін азық-түлік тасымалдауда. Бұған қоса, сақтау шарттарын орындамай отыр. Оның айтуынша, Павлодар және Екібастұз қалаларында технологиялық процесстер бұзылған. Тамақтану блогының қызметкерлері жеке гигиена талаптарын сақтамайды. Бұл азық-түлік сынамаларының микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сәйкес келмейтін нәтижелермен дәлелденген. Елімізде 2016 жылмен салыстырғанда былтыр тағамнан улану оқиғалары алтыдан 10-ға артып, 2013 адам зардап шеккен. Оның ішінде екі мектеп асханасы бар.

– Өңірде барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамту 95,6 пайызды құрайды, - деді Зәмзагүл Досжанова. - Түрлі дәрумендер және минералдармен байытылған тағаммен қамту көрсеткіші – 98 пайыз. Алайда Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтарында жеті мектеп - № 5 бастауыш мектеп, Суаткөл, Сольветка, Сарышығанақ, Ақжол, Құркөл және Береке ауылдарындағы бастауыш және жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары қамтылмаған. Сондықтан балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту үшін тамақтану рационына дәрумендер және түрлі минералдармен байытылған кешенін қосу керек. Облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев бұл мәселелерге қатысты денсаулық сақтау және білім беру басқармаларына белсенді жұмыс атқаруды және Ақсу қаласының әкімдігіне тағаммен қамтамасыз етуді бақылауға алуды тапсырды.