Ер адамның денесі полицияға тапсырылды.
ERNUR.KZ. Оқиға орнына бір техника, облыстық ТЖД техникасы және төрт қызметкер жұмылдырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қараша күні сағат 06.43-те Нұркин көшесі мекенжайы бойынша орналасқан жеке тұрған тұрғын емес үй-жайдың екінші қабатында асылған ер адам табылғаны туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар шақыру орнына келген соң полиция қызметкерлерінің қатысуымен альпинистік құралдардың көмегімен арқанды кесіп, ер адамның денесін төмен түсіргеннен кейін полицияға тапсырды.