​ Павлодарда инелікке ескерткіш қойылды

0
621

Декоративті ескерткішті жасау мен монтаждауға 2 млн теңге бөлінді.


​ Павлодарда инелікке ескерткіш қойылды

ERNUR.KZ. Облыс орталығындағы Гагарин паркінде инелікке алып ескерткіш қойылды, деп жазады baq.kz.

Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шағын ескерткіш Гагарин саябағын реконструкциялау шеңберінде орнатылды.

Бұған дейін паркті бөліп тұрған жол жабылып, саябақтың екі бөлігі біріктірілді. Басты мақсат – тынығуға келген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы жерде субұрқақ ортатылды. Көктемде іске қосылады. Сонымен қатар, инклюзия элементтері бар балалар ойын алаңы іске қосылды. Яғни, мүмкіндігі шектеулі ұл-қыздар да ойын алаңына келіп, ойнай алады. Көктемде тағы да ағаштар отырғызылып, демалу орнының көрігіне көрік қосады, - дейді әкімдік мамандары.

Саябақта реконтрукция аясында «Кітап күші» және «Инелік» ескерткіштері пайда болды. Кейін «Періште қанаттары» атты фотозона орнатылады. Инелік бетон, металл және шыныпластиктен жасалған. Мүсінді орнату идеясын тұрғындар ұсынған. Облыс халқы бұл жәндікті жазда қаптайтын шыбын-шіркеймен күрес символы ретінде қабылдайды. Павлодарлық мүсіншілер Мұрат Әбілқасымов пен Виктор Татаринович гүлдің үстінде отырған сәтін бейнелеген.

Қаламызда декоративті мүсіндер болу керек деген ойдамын. Олқылықтар кез келген мүсінде болады. Біз жақсы ескерткіш жасауға тырыстық. Тапсырыс түскенде қуана-қуана кірістіп кеттік. Темірден жәндікке өте ұқсас фигура жасау мүмкін емес. Қанаттары түсті шыныдан жасалды. Бұл – бар болғаны декоративті туынды. Бір сөзбен айтқанда, стильденген ескерткіш, - дейді мүсінші Марат Әбілқасымов.

Декоративті ескерткішті жасау мен монтаждауға 2 млн теңге бөлінді.

Айта кетейік, өңіт тұрғындары жыл сайын көктем-жаз айларында қансорғыш жәндіктерге көп шағымданады. Сондықтан, шыбын-шіркеймен қоректенетін инеліктердің қанатқа тұруын асыға күтеді.