Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері TikTok желісіне мониторинг жүргізу барысында екі жас жігіттің былапыт сөздер айтқан видеожазбасын анықтады.
Видеодан кадрлар
ERNUR.KZ. Алматыда қазақстандық танымал екі блогер қамауға алынды. Бұған авторлардың әзіл контент ретінде ұсынған TikTok-тағы былапыт сөздері бар видеосы себеп болды, деп жазады tengrinews.kz.
Балағат сөздер айтылған видео қамауға алумен аяқталды
Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері TikTok желісіне мониторинг жүргізу барысында екі жас жігіттің былапыт сөздер айтқан видеожазбасын анықтады.
Авторлар видеодағы әрекеттерін әзіл ретінде ұсынған."Полиция қызметкерлері бейнежазбаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар 25 жастағы Ибраим Стамбеков және 21 жастағы Абай Абдыханов болып шықты. Аталған дерек бойынша екі азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 тәуліктен әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.
Блогерлердің жүз мыңдаған оқырманы бар
Айта кетейік, Ибраим Стамбековтің Instagram парақшасында 400 мыңнан аса оқырман бар.
Абай Абдыхановтың Instagram парақшасына 110 мыңнан аса адам жазылған.
"Әзіл" жауапкершіліктен босатпайды
Полиция қоғамдық ақпараттық кеңістікте былапыт сөздерді қолдану заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
ІІМ әзіл контент форматы авторларды жарияланған материалдың мазмұны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.


