​Павлодарда пәтер өртеніп, зейнеткер көз жұмды

0
129

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар отқа оранған пәтерден 1959 жылы туған ер адамның денесін тапқан.


​Павлодарда пәтер өртеніп, зейнеткер көз жұмды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Көпқабатты тұрғын үйде орналасқан пәтерде үй заттары, жиһаз бен ағаш еден өртенген. Өзге пәтерлердің тұрғындары далаға өз бетімен шыққан, деп жазады inform.kz.

"23 желтоқсан күні сағат 04.49-да Павлодар қаласындағы Рылеев көшесінде орналасқан көпқабатты үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үш бөлмелі пәтерде үй заттары, жиһаздар мен ағаш еденнің жанып жатқанын анықтаған. Өрттің аумағы 4 шаршы метр болды. Өрт орнынан 17 ересек және 3 бала өз бетінше эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің сүйемелдеуімен тағы үш тұрғын далаға шығарылды", - деп мәлімдеді департаменттен.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар отқа оранған пәтерден 1959 жылы туған ер адамның денесін тапқан.
Тілсіз жауды сөндіруге төтенше жағдай департаментінің күштері мен құралдары тартылды. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.