Қолға алынып отырған үлкен жоба 2020 жылы аяқталады
ERNUR.KZ. Шақат ауылдық аймағында «TURKEY PVL» ЖШС түйетауық өсіруге арналған фабриканың құрылысын бастап кетті, деп жазады pavlodarnews.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Александр Бабенко айтты.
"Қолға алынып отырған үлкен жоба 2020 жылы аяқталады", - дейді Александр Бабенко.
Бұл Павлодар ауданындағы өндіріс көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыртқадан бастап, экологиялық таза диеталық өнім шығарылады. Бұдан басқа, спикер крахмал комбинаты мен қант қызылшасына қатысты жобаларға тоқталып өтті.
"Асхана картобынан техникалық картоп өндіруге көшу керек", - дейді аудан әкімі.
Осыдан екі жыл бұрын Беларусь еліне барған болатынмын. Ең ірі Рогозницкий крахмал комбинаты алты мың тонна крахмал шығарады. Мұндай комбинаттың құны 10 мың еуро тұрады. Астаналық инвестормен төрт ай бойы келіссөз жүргізген едік.
Өкінішке орай, олар бұл жобадан бас тартты. Спикер 1980 жылдары Заря ауылының аймағында тәжірибе жүзінде қант қызылшасын отырғызып, 450 центнер өнім өндірілгенін еске алды.
"Орташа есеппен алғанда бұл көрсеткіш Беларусь елінде 500-550 центерді құрайды. Яғни, бұл біздің бәсекеге қабілетті бола алатынымызды көрсетеді. Көрші Оңтүстік Шығыс Азия ірі көлемде картоп крахмалын тұтынады", - дейді Александр Бабенко.