Оларға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
ERNUR.KZ. Бірнеше адамның жаға жыртысқаны түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Олар автокөліктердің жүруіне кедергі келтіргендіктен, жүргізушілер айналып өтуге мәжбүр болған. Кадрлардан жеті ер адам көрінеді, олардың бірі жолда жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, жанжал Естай көшесінде болған.
Облыстық полиция департаментінде болған жайтқа қатысты шақыру 9 шілде күні түскенін хабарлады.
«Оқиға орнына автопатруль жіберіліп, жастар полиция бөліміне жеткізілді. Қақтығыстың барлық қатысушылары жауапкершілікке тартылды», - деді департаментте.
Сондай-ақ тәртіп бұзушылар алкоголь ішкені немесе қоғамдық орынға мас күйінде келгені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы бойынша жазаланған. Оларға 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл салынды.