Павлодардағы колледжде студент өзін пышақпен жарақаттаған

0
69

Колледждің кәмелетке толмаған студенті өзіне білек тұсы аймағында дене жарақатын келтірген.


Павлодардағы колледжде студент өзін пышақпен жарақаттаған

фото: thesun.co.uk

ERNUR.KZ. Павлодардағы колледжде студент өзін пышақпен жарақаттаған, деп жазады ulysmedia.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, колледждің кәмелетке толмаған студенті өзіне білек тұсы аймағында дене жарақатын келтірген. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы келді.

Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді. Жарақат салу құралы тәркіленді. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.