Павлодардағы "қызыл көл" де қорғауды қажет етеді

0
1 773

Павлодарлық блогер Коряковкадағы тұзды көлдің жағдайына алаңдаушылық білдірді.


Павлодардағы

ERNUR.KZ. Жергілікті блогер Рымбек Қабиден өзінің ютуб каналында Коряковкадағы тұзды көл түсірілген бейнероликті орналастырған, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Сондай-ақ ол Көбейтұз көлінің айналасында қалыптасқан мәселеге қатысты өз ойымен бөлісті.


«Белгілі блогер Яков Федоров көтерген мәселе өте орынды. Адамдар қазір өзінің табиғатқа деген тұтынушылық қарым-қатынасымен қоршаған ортаға үлкен зиян тигізуде. Жұмыртқадан жүн қырыққан кейбір айлакерлер Көбейтұздан балшықты шелектеп қалаға апарып, «түрлі ауруға ем» деп алдап сатқан көрінеді», – дейді Рымбек Қабиден.


Блогер Көбейтұз көліне ұқсас Павлодар қаласының іргесіндегі Коряковка ауылының маңындағы тұзды көл де Көбейтұз секілді алқылыз түсті және ауа райының өзгеруіне байланысты мың құбылып, керемет түстерге боялатынын айтады.


«Бұл жерге облыс тұрғындары мен қонақтары келіп, фотоға түседі. Осындай табиғатқа деген тұтынушылық қарым-қатынас жалғаса берсе, түбі бар байлығымыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Сол себепті тек мемлекетті, шенеуніктерді кінәлай бермей, табиғатты қорғай білейік. Көлдің жағасында бірде-бір дәретхана жоқ. Мұнда адамдар көп шоғырланатыны белгілі. Сондықтан дәретхана керек. Қоғам болып жұмылып, бір күндік акция ұйымдастыру артық болмайды. Себебі ошақ қойып, от жағып, шөлмектерді тастап кеткен екен. Барымызды бағалайық!» – дейді ол.